«Баспана бақыты»: Текелі қаласында 40 отбасы үйлі болды

0
807

Тұрғын үй кезегінде тұрған Алматы облысы Текелі қаласындағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтаған қала әкімі Батыр Молдахметов үй алған әр шаңыраққа бақ-береке тілеп, осынау игіліктің баршаға жұғысты болуын айтты.

Текеліліктерге пайдалануға берілген 40 пәтерлі үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған.  40 пәтердің  ішіндегі 30-ы үш бөлмелі, 10 үй екі бөлмелі екен. Тұрғын үйдің  26-сы көпбалалы, 8-і жетім және 12-сі әлеуметтік осал  топқа берілді.  Жаңа пәтерлер «Достық» шағынауданы Сейфуллин көшесінде орналасқан.

Бақытқа кенелгендердің қуанышымен бөлісу үшін шараға адам көп жиналды. Бәрі бір-біріне жылы сөздерін арнап, облыс, қала басшыларына алғыс жаудырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь