Бала тәрбиесі – басты міндет

Бала тәрбиесі – басты міндет

Жалпы қай кезде болмасын балалар – ерекше қорғауды қажет ететін қоғам өкілдері болып келген. Сондықтан да бүгінде бала құқығы мен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау өзекті мәселелердің бірі. Осыны ескергендер қоғамда жас өскіннің жазықсыздан жапа шегіп, зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін профилактикалық іс-шараларды қатаң қадағалауға қатаң назарға алынған. Таяуда Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің істері және олардың құқығын қорғау» атты семинар-тренинг өтіп, оның барысында алдын алу шаралары сөз етілді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Маңызды тақырып көтерілген жиынға аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов, облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдері Айгүл Есімбекқызы мен комиссия хатшысы Айғана Асанқызы және  психолог-педагог ғалымдар қатысты.

Шарада сөз сөйлеген жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Айғана Асанқызы жиналғандарға бала тәрбиесін жүргізу, олармен қалай қарым-қатынас жасау керектігі жайлы айтып өтті.

Оның айтуынша, бүгінде өскелең ұрпақты тәрбиелеп, олардың көзқарасы мен санасының дұрыс жетілуіне аға буын жауапты. Дегенмен қазіргі жастардың бос уақыттарының көптігінен, соңғы жылдары пайда болған жағымсыз заттарға тез қызығып, әуестеніп кететіндіктерінен көптеген бұрыс әрекеттерге барып жатады. Мәселен, өткен 2023 жылы жасөспірімдер арасында 112 қылмыс жасалып, жас бұзақылардың достарын қорлау, бопсалау және ұрып-соғу фактілері тіркелген. Кәмелет жасқа толмаған қыздарға көрсетілген зорлық-зомбылық бойынша қылмыстық істер қозғалған. Сонымен қатар мемлекеттік органдар тарапынан құқық қорғау жұмыстары жүргізіліп жатса да, балалардың зардап шегу деректері арта түскен.

– Жоғары да айтып өтілгеннін бәрі дерлік балалардың қараусыз қалып жататындығынан туындайтын мәселелер. Егер бала тәрбиесіне уақыт таба алмасақ, оларды мықты тұлға ретінде дамыта алмасақ, біздің бүгінгі жеткен жетістіктеріміз түкке де тұрмайды. Сондықтан кез келген ата-ана негізгі міндеттерін айқындап, бірінші кезекте бала тәрбиесіне баса назар аударуы тиіс. Балаға жақсы әдет, жеке қасиет бірден келмейді, ол ата-ананың жүйелі де жан-кешті еңбегін талап етеді, – деді Айғана Асанқызы.

Мұнан бөлек жиын барысында өткен жылдың ортасында іске қосылған «Ата-аналар университеті» бағдарламасы да таныстырылды. Аталмыш электронды жобада аналар мен әкелер сынақ тапсырып, бала тәрбиесіне байланысты бейнесабақтарды тауып, кәсіби психологтардан кеңес ала алады. Жалпы сайт арқылы барлық ата-ана бала тәрбиесі жайлы сырттай оқытудан өте алуға мүмкіндік беріп отырған онлайн университет бұрын соңды болмаған.

Жасөспірімдер бойынша жүргізілген істер бойынша толыққанды ақпараттан бөлек жиында психолог мамандар жиналған қауымға арнайы тренингтерді өткізіп, әртүрлі сұрақтар қойып, баланың психологиясымен қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндірді.

Шара соныңда оған қатысқан ата-аналар өз тарапынан бала тәрбиелеу жолында жіберетін қателіктерін аңғарып, маңызды ақпарат алғандарын айтып, іс-шараны ұйымдастырғандарға ризашылықтарын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях