Бүгінгі сайлауға Қарасай ауданының қариялары да белсенділік танытты

Бүгінгі сайлауға Қарасай ауданының қариялары да белсенділік танытты

Бүгінгі сайлауға Қарасай ауданының қариялары да белсенділік танытып, азаматтық борыштарын орындауда. Көбісі өз сайлау учаскелеріне келіп, дауыс берсе, енді бірі өз үйлерінде таңдауларын жасады. Олардың арасында 70 жастан асқан Қаскелең қаласының тұрғыны, атажұртқа Түркия елінен қоныс аударған Бахрам Сойырқас та бар. Қариямыздың осындай жауапты іске атсалысуына аудандық сайлау комиссиясы қолдау білдіріп, жан-жақты жағдай жасады. Дәл сол сияқты түрлі жағдаймен үйлерінен шыға алмаған басқа да қарасайлықтарға көмек көрсетілді. Жоғарыда атап кеткен комиссия өкілдері олардың да дауыс беруге мүмкіндік жасап, тұрғылықты мекенжайына арнайы барды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях