Азық-түлікке мұқтаж қарасайлықтардың жағдайы басты назарда

Азық-түлікке мұқтаж қарасайлықтардың жағдайы басты назарда

Жергілікті әкімдік тарапынан Қарасай ауданының тұрғындарына барынша көмек көрсетілуде, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері жұмыссыз қалған отбасылардың әлеуметтік жағдайы да өзгергені жасырын емес. Оларға қайырымы мол кәсіпкерлер де, жергілікті әкімдік тарапы да барынша қолдау білдіруде. Бұл туралы бірқатар ақпарат көздері жазуда. Мәселен, осы аптаның сейсенбісінде, республикалық «Жас Алаш» газетінің №24 санында, жарық көрген журналист Тоқтар Жақаштың «Әлеумет әлеуметтік көмекті сезінбей жүр» атты мақаласын тілге тиек етуге болады. Онда ғаламтор әлемінде әйелдердің видеоүндеулері жайлы жазылған. Өкінішке орай, біздің аудандағы Қаскелең қаласы әкімдігінің алдына жиналған бір топ әйелдің өтініші де мысал ретінде келтірілген екен. Әрине, айтар ойы, танытар түсінігі мол бұл материалдың кәсіпкерлердің назарына жақсы үндеу. Неге десеңіздер, мұнда аты-жөнін атауды қаламаған, Алматы қаласының тұрғыны болып табылатын, белгісіз бір кәсіпкердің көмегі туралы сөз етілген. Нақты айтқанда, қайырымды азамат «Нағыз Атажұрт» ұйымының бастамасы аясында  200 анаға 21250 теңгеден ақша аударым жасаған. Аталған қаржылай көмекке ие болған азаматтардың басым көпшілігі алматылықтар болып табылады.

Жалпы, жоғарыда атап көрсеткендей, мақала барысында мысал ретінде келтірілген бір топ әйелдің де, басқа да аудан тұрғындарының да өтініштері жергілікті әкімдіктің назарынан тыс қалған емес. Мәселен, Қаскелең әкімдігі өз тарапынан осы уақытқа дейін көмек сұраған жандарды арнайы тізімдеп, азық-түлікпен қамтамасыз ету жағын қолға алып, 209 отбасыға жәрдем көрсетті. Оның ішінде 54-і мүмкіндігі шектеулі жандарға арналғанын да атап айтқан жөн. Сол сияқты аудан әкімдігі де төтенше жағдай жарияланғаннан бері қарасайлықтарды бар мүмкіндігінше қолдап келеді. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі күнге дейін 1569 отбасының жағдайы назардан тыс қалмай, оларға азық-түлік себеттері таратылды. Алдағы уақытта да игі бастама өз жалғасын табатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях