Қазығұрттағы банан ағашы жеміс берді

Қазығұрттағы банан ағашы жеміс берді

Түркістан облысының Тұрбат ауылында банан бағы жеміс беруде, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

‌Жергілікті тұрғын қызық көріп, өсіре бастаған экзотикалық ағаштар өнім беруде. Ауыл шаруашылығы мамандары түркістандық бананның шет елден әкелінген жемістен еш айырмашылығы жоқ дейді.
Қазақ даласында тропикалық ағаштардың пайда болуына 9 жыл бұрын бірнеше түп банан көшетін отырғызған Халима Сейткерімова  ықпал етуде. Бүгінде оның экзотикалық өсімдіктері жайқалуда.

– Бананның пісу жолын кішкене қызығушылық оянғаннан кейін зерттеп, өсіру технологияларын іздестіріп көрдім. Болады екен. Биыл банан жемісін жедік десек те болады, – дейді  Қазығұрт ауданының тұрғыны Х.Сейткерімова.

Экзотикалық өнім өсірушінің бүгінде бақшасында 40 түп банан ағашы бар.
Биыл біреуі ғана жеміс беріпті. Аграрлық сала мамандарының айтуынша табиғи орта сәйкес келмейді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях