Қазақстанның жаңа Ішкі істер министрі тағайындалды

Қазақстанның жаңа Ішкі істер министрі тағайындалды

Бүгін Мемлекет басшысының бұйрығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz Ақорданың ресми ақпаратына сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл лауазымда Қалмұханбет Қасымов қызмет атқарған болатын. Қазір ол Президент көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Ал, жаңа министр жайлы айтар болсақ, ол 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі ұлы бар. 1984 жылы Ерлан Тұрғымбаев Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі болып, заң мамандығын оқып шыққан. 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да экономист мамандығы бойынша екінші дәрежелі дипломмен марапатталып, заң ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болған. Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды ​​облысының Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімінің күзет қызметкері ретінде бастаған. Одан кейін 9 жыл көлемінде тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімі басшысының орынбасары, Алматы қаласының Алатау ауданының ішкі істер бөлімінің басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарып, 1993 жылы Алматы қаласының ішкі істер басқармасының тергеу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалады. Ерлан Тұрғымбаев мұнан кейінде көптеген жерлерде басшылық қызметті атқарып, құқық қорғау органдарында елеулі еңбек атқарғаны үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2005 ж.), 1-ші дәрежелі «Қайсар» төс белгісімен марапатталып, тіпті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қайраткері атанады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях