«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ»

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ»

Елбасының әр жылғы Жолдауын асыға күту Қазақстан халқының әдетіне айналғанына біраз жылдардың жүзі болды. Ол заңды, әрі орынды. Олай дейтініміз, еліміз Егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері өмірдің алтын арқауына айналған «Қазақстан — 2050» кешенді бағдарламасы аясында халыққа арналған Елбасының Жолдауы елдің экономикасын көтеріп, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін жақсартуда қозғаушы үлкен күшке айналып келеді. Әр жылғы Жолдаудың өзіндік ерекшелігі, тәлімі мол десек асыра айтқандық емес. Өйткені, әр жылғы Жолдаудан соң халықтың көңілі бір көтеріліп, болашаққа деген сенімі артатыны сөзсіз. Оны өмір тәжірбиесі көрсетіп отыр.
Ауылшаруашылықты, өнеркәсіпті өңірлерді дамыту, қолжетімді баспана мен тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, оқу-білімді сапалы дәрежеге жеткізу, жастарды Отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрде адал болуға үйрету сияқты кемелді де келелі мәселелер түгел қамтылғандықтан, Жолдау көптің жүрегінен терең орын алып отыр.
Осы уақытқа дейін көптің көңілінен шығып келген «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Рухани жаңғыру» мен «Бес әлеуметтік бастама» секілді бағдарламалар өз жалғасын алдағы уақытта да таба бермек.
Елбасының кезекті Жолдауы көпшілік көңілінен шығып, жаппай қолдау табуда. Соның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдай көтеріліп, экономикасы алға басты.
Жалпы айтқанда Елбасымыздың халыққа биылғы Жолдауын санамызға үлкен бір серпіліс пен жұмысымызға сілкініс әкелетін жаңа серпінді жаңалық деп қабылдаймын.

Ақшолпан Марат,

«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық

 филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях