Қазақстандық музыкалық продюсер «Грэмми» сыйлығына үміткер атанды

Қазақстандық музыкалық продюсер «Грэмми» сыйлығына үміткер атанды

Қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Roses (SAINt JHN) әніне ремиксі бүгінгі күні музыка индустриясында ең абыройлы марапат болып табылатын «Грэмми» (Grammy) сыйлығына үміткер атанды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

YouTube желісінде 117 миллион рет қаралған ремикстің авторы Иманбек «Грэммиге» үміткер алғашқы қазақстандық болып отыр.

Ол ремикс жазған ән хитке айналып, 20 аптадан аса уақыт бойы «Billboard Hot 100» чартында үздік 10-дықта тұрды. Ремикс Apple Music-тің үздік ондығана кірген. «Shazam» қосымшасында 22 миллион қаралым жинаған, «Яндекс. Музыка» чартында ұзақ уақыт бойы бірінші орында болды.

Сондай-ақ, трек бірнеше чартта, оның ішінде АҚШ және Ұлыбританияның чарттарында Тhe Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber секілді әншілерден озып, үздік атанды.

Айта кетейік, Иманбек танымал болғанға дейін Павлодар облысында теміржолшы болып жұмыс істеген. Музыканың жаңа қырын өзі үйренген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях