Қазақстанда жаңа оқу жылы мен каникул мерзімі анықталды

Қазақстанда жаңа оқу жылы мен каникул мерзімі анықталды

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы туралы бұйрыққа қол қойды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасына, 2-11 сыныптарда – 34 оқу аптасына созылады.

Оқу жылы ішіндегі каникул мынадай:

1-11 (12) сыныптарда: күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях