Қазақстанда жаңа министрліктер пайда болды

Қазақстанда жаңа министрліктер пайда болды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен жаңадан екі министрлік құрылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жария болды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Құрылған жаңа министрліктер немен айналысады? 

Сауда және интеграция министрлігі ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау ісімен айналысатын болады. Сондай-ақ, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету қызметін атқарады. Сыртқы істер министрлігінің экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіру функциялары мен өкілеттігі де осы ведомствоға беріліп отыр.Сауда және интеграция министрі лауазымына Бақыт Сұлтановтың кандидатурасы келісілді.

Ал, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасы тағайындалды. Аталмыш министрлік қоршаған ортаны қорғаудың, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру, табиғи ресурстарды қорғау, оларды ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау қызметін атқарады. Сонымен қатар, еліміздегі  Ауыл шаруашылығы министрлігінің су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы саласындағы және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях