Қазақстанда халық саны 18 миллион 507,9 мың адамға жетті

Қазақстанда халық саны 18 миллион 507,9 мың адамға жетті

Қазақстандықтардың саны өткен жылға қарағанда 534,6 мыңға (1,3%) дейін көбейген, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылдың 1 шілдесінде еліміздегі тұрғындар саны 18 миллион 507,9 мыңды құрап, өткен жылға қарағанда 235,5 мыңға (1,3%) өскен болатын. Бірақ, соңғы 5 айдын ішінді бұл сан тағы көтеріліп, қазіргі таңда халық саны  18 миллион 534,6 мыңға жетті. Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, қала халқының саны 10 миллион 816,6 мың адам болды. Бұл – барлық қазақстандықтың 58,2 пайызы. Қалған 41,8 проценті – 7 миллион 726,3 мың адам ауылда тұрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда, Қазақстанға келгендер саны 11,3% -ға азайды, кеткендер саны 16,9% -ға өсті. Елдің негізгі көші-қоны ТМД елдері арасында жүреді. ТМД елдерінен келген-кеткендердің үлесі тиісінше 82% және 90,6%. Ел ішінде қоныс аударғандар саны 22,7%-ға артты. Аймақаралық қозғалыстар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің төрт аймағында – Маңғыстау облысында (556 адам) және Шымкент (3 710), Алматы (13 650) және Нұр-Сұлтан (14 104) қалаларында байқалды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях