Қазақстанда ғарыштық әуе серіктер  шығарылмақ

Қазақстанда ғарыштық әуе серіктер  шығарылмақ

Байқоңырда ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы  365info.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл отандық ғарыш саласы үшін үлкен қадам, – деді сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Нұр-Сұлтандағы «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр — әлемдік ғарыш бесігі» халықаралық форумында.

– 2020 жылы біз жаңа деңгейге көтеріліп, меншікті жерсеріктерді жобалауды және өндіруді бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл Қазақстанның ғарыштық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретіндегі ұзақ сапарының басы. Бүгінде республикада екі телекоммуникациялық жер серігі бар, – деді Жұмағалиев.

Форум елордада жетінші рет өткізіліп отыр. Іс-шараға Роскосмос, БАӘ, Украина, Жапония ғарыш агенттіктерінің өкілдері, саланың жетекші компаниялары барлығынан 25 елден 650-ден астам сарапшы қатысты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях