Президенттік тестке дайындық пысықталды

Президенттік тестке дайындық пысықталды

Бүгін саламатты өмір салтын насихаттап, балалар мен жасөспірімдердің күшін, ептілігін, жылдамдығын анықтау үшін Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясында «Қысқы Президенттік тест қабылдау және оны ұйымдастыру жолдары» атты өңірлік семинар өтті. Оған облыстық білім басқармасына қарасты Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық өңірлік оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Раушан Тоқайқызы, Алматы облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлтық орталығының аға оқытушысы Бақытжан Отарбаев пен тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Ерік Стамбеков және Жамбыл ауданы білім бөлімінің бас маманы Қуаныш Тілеуқұлов пен ауданымыздың білім бөлімінің өкілдері қатысты.

Бұл басқосуда, алдымен Президенттік тестті қабылдау және ұйымдастыру жолдары, 4, 7, 9, 11-сыныптардағы Президенттік қысқы-жазғы сынама түрлері талқыланып, оның бағдарламасы негізінде 5 саты бойынша бақылау жаттығулары орындалды. Жалпы, аталмыш спорттық іс-шарада 4, 7, 9, 11-сыныптарынан 239 оқушы белсенділік танытып, олар тұрған орнынан ұзындыққа секіру, шаңғымен 1-3 шақырымдарға (6мин) жүгіру, жүгіру-жүру, жүзу, кермеге тартылу (қыздар арқада жатып кеудесін көтеру), пневматикалық (винтовкадан) мылтықтан ату бойынша сынға түсті. Барлық қатысушылар дайындықтарын жақсы көрсетіп, Президенттік сынама мен норматив түрлерінде жоғары көрсеткішпен дәлелдеді. Сонымен қатар, іс-шараға белсене қатысқан мектеп директоры Гүлхан Аманжоловаға, директордың оқу ісі,  тәрбие ісі және дене тәрбиесі меңгерушілеріне және алғашқы әскери дайындық мұғалімдеріне облыстық білім басқармасы мен дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындығының оқу-әдістемелік орталығы тарапынан алғыс хаттар берілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях