Мүгедек спортшыларымыздың мерейі үстем

0
2821

Қазіргі уақытта ауданымызда 257 мүгедек спортшы тіркелген.  Олар жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, пауэрлифтинг, армлестлинг, отырып ойнау волейболы, оқпен ату, голбол, шағынфутбол, шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ, спорт түрлерімен айналысады. Федерация әр жылы спортшылардың спорттық шеберліктерін анықтау және алдағы облыстық, республикалық жарыстарға қатысушыларды іріктеу мақсатында 2-3 рет іріктеу жарыстарын ұйымдастырып тұрады.

Бүгінгі күнге «Жігер — М» федерациясында бірқатар спорт секциялары тұрақты жұмыс істейді. Облыстық жарыстарға қатысу үшін 62 спортшыдан тұратын Қарасай ауданы мүгедек спортшылар құрама командасы іріктелген. Олар жарыстардан ешқашан жүлдесіз оралып көрген емес.  Аталған спортшылар арасында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1 ҚР спорт шебері, 13 спорт шеберлігіне үміткер және көптеген 1 -ші санаттағы спортшылар бар. Бұдан бөлек, Алматы облысының құрама командасының қатарына 19, Қазақстан Республикасының құрама командасына  12 спортшы алынған.  «Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясының президенті Т.Ходжамұратовтың айтуынша, өткен жылы республика чемпионаттарында жақсы өнер көрсетіп 8 адам жеңіспен оралса, 6 спортшы 2-ші және 3-ші орындарды жеңіп алған. Сонымен қатар, жерлестеріміз әлемдік жарыстарда жақсы өнер көрсетіп жүр. Мысалға, Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Параазияда ойындарына 4 спортшы қатысып, теннисші Корпетаев Нуржан 4-орынды иеленген.

Иорданияның Оман қаласында жеңіл атлетикадан өткен Азия біріншілігінде Бекбай Бақыт 2-орын, Тилегенов Жәнібек 4-орын иеленді. Будапештте үстел теннісінен өткен халықаралық рейтингтік жарыста Корпетаев Нуржан 4-орын, Иванкин Сергей 5-орын иеленді. Рессейдің Сочи қаласында өткен дүниежүзілік мүгедек арбасын қолданатын спортшылар арасында өткен әлем біріншілігінде Берденников Игорь арбамен жарысудан 3-орынды жеңіп алды. Румынияның Клуж Напака қаласында оқпен атудан өткен Параолимпияда ойындарына іріктеу жарысында Сайтова Диляра 4-орынды қанжығасына байлады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь