Әділет басқармасында да талқыланды

0
1931

Бүгін Қарасай аудандық Әділет басқармасының басшысы Р.Мадияров басқарма қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы үндеуін және Жолдауын талқылау жиынын өткізді.

Осылайша Елбасының билік тармақтары өкілеттігін бөлісу жөніндегі Үндеуі мен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы жайында жан-жақты әңгіме болды.         

Өз сөзінде  басқарма басшысы Елбасының Үндеуіне сәйкес Конституциямен бекітілген өкілеттіліктерді қайта қарау, сондай-ақ, заңдармен белгіленген және әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу бойынша туындаған мәселелерді атап өтті.

Жиын барысында осы орайдағы мәселелерді түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын басшылыққа алу қажет екендігі мәлімделді. Оның негізінде бұқаралық ақпарат құралдарында әділет органдары қызметкерлерінің, заңгерлер одағының мүшелерінің, сондай-ақ, адвокаттардың және нотариустардың сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Жиында, сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаев белгілеген бес негізгі басымдылықты жүзеге асыру экономиканың барлық салаларында өсу қарқынының жоғарылығын қамтамасыз ететіні, берілген барлық тапсырмалар тікелей азаматтардың қолдауы және олардың азаматтық жоғарғы жауапкершілігі арқасында орындалатыны да аталып өтілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь