Мемлекеттік қызметшілерге арналған көрме

0
2692

Қай мемлекеттің болса да, іргетасын қалау, құру, қалыптастыру бағытындағы ең жауапты іс мемлекеттік қызметшілерге жүктелді. Сонымен қатар, олар халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуы да аса маңызды. Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда ғана оның «жоғары имиджі» жасалады. Сол арқылы аталған саланың беделі де жоғарылай түседі.

Осыған орай, Қарасай аудандық орталық кітапханада арнайы көрме ұйымдастырылып, оған өмір жолы үлгі боларлық, шығармалары ізгілік пен шынайылыққа, мәдениет пен парасаттылыққа баулитын тарихи тұлғалардың еңбектері қойылды. Оны аудандағы жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер келіп, тамашалап, мол рухани азық алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь