Баскетболшы жастардың бәсекесі

0
3307

Жуырда округ жастары арасында баскетболдан жарыс өтті. Өскелең ұрпақты достық пен патриоттыққа тәрбиелеген бұл бәсеке ауданның ауылдық округтерінен құралған 5 команданың басын қосып, Үшқоңыр ауылындағы Қарасай батыр орта мектеп-гимназиясында болды. Ал, оны «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Әсел Елеусізова мен кеңесші Нұрбек Абдікәрімов ұйымдастырды.

Дәлдік пен жылдамдықты талап еткен бұл сайыста қатысушылар керемет ойын көрсетті. «Жастар спортты қолдайды» атты тақырыпты алға тартып, физикалық күш те анық байқалатын бұл спортта баскетболшылар сақиналы тор қалтаға дөп салған түрлі ұтымды голдарды көрсетті. Олар бұл ойынымен жарысқа дайындалып, жаттығып келгенін дәлелдеді. Сонымен, сайыс қорытындысында ұйымшылдығымен көзге түсіп, көп ұпай жинап Үшқоңыр ауылдық округ спортшылары жеңімпаз болды. Оларға жол беріп, 2-орынды райымбектіктер алса, 3-орын озат командалардың қатарында болған елтайлықтарға бұйырды. Ал, жеңімпаздардың барлығына Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь