Балалар үйінде болды

Балалар үйінде болды

Жуырда «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында Алматы қаласында орналасқан  облыстық №1 балалар үйіне аудандық мәслихаттың депутаты Қуаныш Баяманов барып, ондағы тәрбиеленуші балалардың жағдайымен жан-жақты танысып қайтты. Сонымен қатар, халық қалаулысымен бірге партияның аудандық филиалының және аудандық білім бөлімінің мүшелері келіп,  балаларға жасалып жатқан жағдайды  бақылады. Жалпы, олар ғимараттағы балалардың жатын бөлмелерін, дем алатын, спортпен шұғылданатын орындарын аралап, асханасындағы берілетін астың сапасын тексерді. Онымен бірге, кітапхана, акт залы, шығармашылықпен айналысуға арналған бөлмелерге мән беріп, толық танысып шықты. Бұл ретте Қуаныш Сыдықұлы балалар үйінің басшысы Гүлмира Қондыбаеваға тәрбиеленушілердің спортпен, шығармашылықпен немесе өзге де пайдалы істермен қаншалықты айналысатындығын сұрап, оған орынды жауаптарын да алып отырды. Оның айтуынша балалардың басым көпшілігі спортпен айналысып, саламатты өмір салтын ұстанады екен. Ал, қазіргі кезде мұнда 3-16 жас аралығында 154 бала тәрбиеленуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях