Қазақстан құрамасы екінші орында

0
2289

Универсиаданың екінші күні де спортшыларымыз жүлдеден құр алақан қалмады. Екі бірдей алтын, бір күміс және екі қола медальды қанжығасына байлаған отандастарымыз ел мерейін аспандатты. Алғашқы алтынды биатлоншы Алина Райкова жеңіп алды. Артын ала жерлесіміз Галина Вишневская екінші келіп, күміс медальды иеленді. Екінші алтын жүлдені фристайлшыларымыз Жанбота Алдабергенова және Бағлан Іңкәрбек иеленді. Ал, 1500 метр қашықтыққа конкиьмен жүгіру спортынан Екатерина Айдова қоржынымызды қола медальмен толықтырды. Кеше ғана үшінші орынға тұрақтаған шаңғышы Анна Шевченко бүгін де кешегі нәтижесін қайталады. Яғни, елімізде өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиададағы екінші қола жүлдесіне қол жеткізді.

Екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша еліміз турнир кестесінде екінші орынға тұрақтады. Бірінші орында Ресей ( 7 алтын, 7 күміс, 2 қола), екінші орында Қазақстан ( 2 алтын, 2 күміс, 4 қола), ал, Қытай құрамасы үшінші орында келе жатыр ( 2 алтын, 1 күміс, 2 қола).

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь