Ауыл шаруашылығы министрі жақсы баға берді

Ауыл шаруашылығы министрі жақсы баға берді

Қазірге кезде, Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы саласы өте жақсы қарқынмен дамып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұған себеп, кеше ҚР премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ауданымыздағы мәдениет үйінде болған қорытынды семинар-кеңесте толық айтты.

Жалпы, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тиісті бағыттар бойынша атқарылатын шаралармен танысу мақсатында келген сапарында Өмірзақ Естайұлы облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге, өңірдің бірқатар аудандарындағы ауыл шаруашылық нысандарында болып, оларға баға беріп қайтты. Ең алдымен, олар Еңбекшіқазақ ауданына барып, ондағы егіс алқаптарын, интенсивті бақтарға барып, жеміс ағаштарын кесуге арналған заманауи арнайы техникамен танысты. Ол жердің толық араған ауыл шаруашылығы министрі қазіргі кезде бақ өсіруді дамытуда жүйелі жұмыс қажет екенін, зәкірлі кооперация қалыптастыру керектігін атап өтті. Ал, мұнан кейін вице-премьер Қапшағай қаласындағы жылыжай кешеніне болып, Іле ауданындағы құс фабрикасына бағыттады. Осы ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жоғары деңгейде бағалаған министр, барлығына сәттілік тілеп, іс-сапар кестесі бойынша, Қарасай ауданы бет бұрды. Өңірдегі шаруа қожалықтарымен жақсы танысқан Өмірзақ Шөкеев Алматы облысындағы жұмыс сапарының қорытындысын аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесіп, аяқтады. Бұл іс-шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, аудан әкімі Махаббат Бигелдиев, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров және аудандық ауыл шаруашылығы қызметкерлері қатысты.

Онда Өмірзақ Естайұлы облыс басшылығының ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарына оң баға беріп, Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенінің даму жетістіктерін атап өтті. Ал, өз кезегінде облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы көрсетіліп отырған қолдаулар үшін ризашылығын жеткізіп, өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуын әлі де белсенді түрде жалғастыра беретіндіктерін жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях