«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер белгілі болды

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер белгілі болды

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы кезектен тыс XV съезінде Төлеутай Рахымбековті президенттікке кандидат ретінде бекітті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылым. Бұл жайында ҚазАқпарат жария етті.

Партияластардың басқосу жиынында делегаттар кандидатты дауыс беру арқылы анықтады. Өз сөзінде «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев ұсынылып отырған кандидат Төлеутай Рахымбековтің ауыл шаруашылығы мамандары арасынды білікті екенін айтты. Сондай-ақ, саяси партияның басшысы бүгінгі съезд барысында делегаттардың 300 мыңнан астамы дауыс беріп, қолдау білдіргенін түсіндірді.

– Маған сенім білдіріп, партия атынан менің кандидатурамды ұсынғандарыңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Мен үшін бұл жоғары мәртебе және өте үлкен жауапкершілік. Еліміз маңызды саяси кезеңді бастан өткеріп жатыр. Мен үміткер ретінде алдарыңызда жауапкершілік жүгін толық сезінемін – деген үміткер Т.Рахымбеков, – менің саналы ғұмырым ауылмен, ауыл шаруашылығымен байланысты. Өзім ауылда тудым, ауылда өстім, ауыл шаруашылығы саласының дамуы жолында еңбек етіп келемін. Бұл саладағы проблемалар «Ауыл» партиясының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Ауыл – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях