Жастардың жаңа басшысы ауданымызға келді

Жастардың жаңа басшысы ауданымызға келді

Жуырда ғана ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып тағайындалған Асхат Оралов, кеше ауданымызға келіп, қонақ болып қайтты. Жастармен кездесуге келген жаңа басшы Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келгенімен Президентіміз өніп өскен жерді көру арманының бірі екенін жасырмады. Сол себепті де, жаңа қызметке кіріскен соң, ең алдымен Алматы облысының жастарымен кездесуді жоспарлаған.

Ауданымызға сапары кезінде Асхат Раздықұлы бірінші «Жас Отан» жастар қанатына барып, ауданның белсенді қыз-жігіттерімен жүздесті. Мұнда аталмыш мекеменің басшысы Мадина Нұрланова құрметті қонақты аудандағы алғыр жастардың істеп жатқан жұмыстарымен таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Мұнан соң, департамент басшысы жаңадан бой көтерген «Батыр бабаларға тағзым» мемориалдық кешенінде болып, ондағы экспозицияларды тамашалады. Одан кейін, Президентіміздің кіндік қаны тамған ауылы Шамалғанда бой көтерген «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына жол тартып, мемлекет басшысының тағылымды өмір жолын өскелең ұрпаққа паш ететін мұражайды аралады. Қазіргі таңда, былтыр Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ашылған аталмыш орталық тұтас еліміздің мақтанышына айналатын рухани кешенге айналған. Осыған өзі куә болған Асхат Оралов алған әсерін орталықтың қолтаңба кітапшасына жазып қалдырды.

Асхат Раздықұлының сапары Шамалғандағы Елбасы оқыған Қарасай батыр мектебінде түйінделді. Кіре берістен күтіп алған оқушылар мектептің тарихы жайлы әңгімелеп, оқу орнының ішіндегі «Шапағат» музейін аралатты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях