Ауданымызда праймериз үміткерлерінің сайысы басталды

Ауданымызда праймериз үміткерлерінің сайысы басталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен белгіленген кестеге сәйкес, ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласынан праймериз үміткерлерінің ашық пікірсайысы бастау алды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық мәдениет үйінің ғимаратында өткен аймақтағы партияішілік іріктеуге түскен кандидаттардың алғашқы пікірсайысына аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысып, алда атқарылар істердің ауқымды екенін айта келіп, кандидаттарға сәттілік тіледі.

Алғашқы пікір сайыс аланына депутаттық мандатқа үміткер 6 кандидат шықты. Үш айналымнан тұрған сайыстың алғашқы кезеңінде үміткерлер 5 минут ішінде өздерін таныстырып өтсе, келесі кезенде олар өздерінің бағдарламаларымен алға қойған мақсат-міндеттері жөнінде мағлұмат берді. Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында денсаулық және білім саласындағы қордаланған мәселелерге қатысты көзқарастарын білдірді. Бұған қоса мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті. Соңғы үшінші кезенде кандитаттар өздерінің қарсыластары мен әріптестері қойған сауалдарға жауап беру арқылы пікір алмасты.

Айта кетейік, партияішілік іріктеу ауданымыздың 11 округі бойынша жеті күн, сағат 11:00 мен 15:00 аралықтарында өтетін болады. Оған ауданымыз бойынша 84 кандидат тіркелген.

Қарасайлық үміткерлердің сөз додасы әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях