Ауданымызда бокстан шығыс аймақтық біріншілік басталды

Ауданымызда бокстан шығыс аймақтық біріншілік басталды

Бүгін ауданымызда басталған шығыс аймақтық біріншілікте жан-жақтан келген 140 жасөспірімдер бас қосып, кәсіпқой рингтің үстінде өзара күш сынасты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен жарысқа елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарынан келген 2006-2007 жылдар аралығындағы дарынды жас өрендер жиналды. КСРО кезіндегі спорт шебері, ҚР жоғарғы ұлттық дәрежедегі төрешісі Серік Жақыповты еске алу мақсатында ұйымдастырылған сайыстың әділ өтуін Қарағанды, Ақмола, Алматы сияқты бірқатар облыстардан келген халықаралық дәрежедегі АІВА (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) төрешілері қадағалады.

Мемлекетіміздің Гимнімен ашылған дода да алдымен аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова мен Жамбыл ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бақберген Қайлыбаев сөз сөйлеп, балғын боксшыларға сәттілік тіледі. Қарасай ауданының бокс федерациясы, аудандық әкімдік пен №1, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастырған бокс сайысы халықаралық АІВА жүйесімен өтті. Онда 4 команда 33кг пен 55кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Облыстық жарыстарда жеңімпаздар атанып, тыңғылықты дайындықпен келген балғындардың арқасында басталысымен тартысты болған аталмыш біріншілік әлі төрт күнге жалғасып, соңғы жекпе-жек 29 күні өтетін болады.

Бес күн бойы ринг үстінде өзара күш сынасып, мықтыны анықтайтын жас былғары қолғап шеберлерімізге сәттілік тілейміз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях