Ауданның Құрметті азаматы саяси реформаға қолдау білдірді

Ауданның Құрметті азаматы саяси реформаға қолдау білдірді

Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылының тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы, өлкетанушы Орынбасар Жәнаділ №498 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ардагер-ұстаз Орынбасар Басарұлы өзінің туған жері Елтай ауылында орналасқан сайлау учаскесіне барып, саяси реформаға қолдау білдіріп, өз таңдауын жасады. Ауылдастарын да дауыс беруге үндеп, бүгінгі ұрпақтың келешегі үшін таңдау жасауға шақырды.

«Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау өте маңызды қадам деп есептеймін. Халықтың өтінішіне, тілегіне мән беретін ел азаматтары лайықты жұмыс істесе, шешілмейтін мәселе болмас. Сондықтан бұл сасяи реформаға ешкім бей-жай қарамаған дұрыс. Әркім өз құқықтарын қолданып, таңдау жасаған жөн. Мен де бүгін дауыс бердім», – дейді жоғары санатты ұстаз Орынбай Жанәділ.

40 жылдан астап ұстаздық еткен Орынбай Басарұлының елеулі істері жетерлік. «Білім беру ісінің үздігі» бүгінде зейнеткер атанса да ұрпақ тәрбиесі үшін әлі де жұмыс істеуден жалыққан емес. Қоғамдық жұмысқа белсене араласып, өлкетану жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях