Аудандық мәслихат хатшысы қоғамдық қабылдау өткізді  

 Аудандық мәслихат хатшысы қоғамдық қабылдау өткізді   

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында аудандық  мәслихаттың хатшысы Айтбай  Көшкімбаев   қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының мазалап жүрген мәселелер мен сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.  Оған аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы,  экономика және бюджетті жоспарлау  бөлімдерінің басшылары мен мамандары және Қаскелең қаласы, Жаңашамалған, Райымбек  ауылдық округтерінің әкімдері, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Қарасай аудандық  бөлімшесінің өкілі  қатысып,  бірқатар мәселелер талқыланды.

Атап айтар болсақ, қабылдауға келгендер жалпы заңсыз салынған үйлердің құжаттарын қалай заңдастыруға болатынын, елді мекендердегі көшелердің жолын жөндеуге қатысты және мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған несиенің үстемақысы туралы сұрақтар қойды. Мысалға, Қаскелең қаласының тұрғындары Эльмира Абашидзе Әлімқұлова көшесін, ал, Ербол Молдабаев Сарыарқа көшесінің жолын жөндеп беруді сұрады. Бұған қатысты  аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбар Жақанбаев бұл көшелердің жоспарға сәйкес жобалы-сметалық құжаттамасының дайындалып жатқанын айтты. Яғни жөндеу жұмыстары келесі жылдың көктемінде басталатын болады. Одан өзге Құмарал ауылынан келген Айман Ильясованың мәселесі тыңдалынды. Ол 2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы несие алып, соңғы төлемақысын жаппағандықтан, үстемақысы ұлғайып кетті. Қаржы мәселесінде қиналған Айманға аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы  Жеңіс Ноғайбаев сауатты кеңес берді. Жалпы жиында аудан тұрғындары өзге де көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оларға тиісті бөлімдерден келген лауазым иелері жауап берді. Барлық көтерілген мәселелерді тыңдап,  сарапқа салған Айтбай Жексенбайұлы  олардың шешілуін өз назарында ұстайтынын жеткізді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях