Ауданда мектептер саны көбеюде

Ауданда мектептер саны көбеюде

Аудан бойынша ағымдағы жылы үш мектепте жапсаржай салу аяқталып,  келер жылға тоғыз білім ордасы  құрылысының  жобалау-сметалық құжаттамалары жасалуда, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жарас Қатубаевтың берген мәліметіне сәйкес, биыл  Абай ауылындағы мектепте 600 орындық, Қаскелең қаласындағы С.Керімбеков атындағы орта мектепте 300 орындық, Шамалған бекетіндегі Ы.Алтынсарин мектебінде 600 орындық жапсаржай құрылысы аяқталды. Ал,  халық санының көбеюіне байланысты балалардың саны да артқан  Үштерек, Жармұхамбет, Бұлақты, Долан ауылдарында 600, Әйтей ауылындағы «Өмірзақ» тұрғын үй кешенінде 900 және Батан ауылында 450 орындық білім ұясының жаңа ғимараттарын тұрғызуға ашық байқау өткізу үшін құжаттары дайындалып жатыр. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда,  Қаскелеңдегі «Қарлығаш» тұрғын үй кешенін салған мердігер компания «Еламан» ЖШС-імен Қарасай аудандық әкімдігі арасында биыл 14 ақпанында меморандум қол қойылып,  осы талаптарға сәйкес биылғы жылы салынған 100 пәтердің 50-і «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін болады. Ал, аудан орталығында 2018 жылы  салынған «Алатау Ажары» тұрғын үй кешенінде осы жыл соңында 60 пәтерлі бір тұрғын  пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Әйтей ауылдық округінде 32 га жер теліміне 2019-2021 жылдар аралығында екі қабаттан тұратын 520 пәтерлі  130 таунхаус  үйлерін салу да жоспарланып отыр. Олардың басқа тұрғын үйлерден ерекшелігі – бір үйде төрт пәтер орналасады.

Сонымен қатар, аудандағы инженерлік желілілері де ретке келтірілуде. Мысалға,  Шамалған бекетіндегі жеке тұрғын үйлердегі сыртқы байланыс желісінде, «Қарлығаш» шағын ауданында инженерлік желілерінде, Исаев ауылындағы жеке тұрғын үйлерде кенттік жолдар мен науалық жауын кәріз жүйесіне (канализация) құрылыс-монтаж жұмыстары  жүргізілуде.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях