Аудан әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің жаңа орынбасары ретінде Марлен Қасенов бүгіннен бастап қызметіне кірісті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Айта кетер болсақ,  аудан әкімінің жаңа орынбасары тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары  сәулет және қала құрылысы, құрылыс сынды салаларға жетекшілік етеді.

Қасенов Марлен Маратұлы 1987 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «маркетинг» мамандығы бойынша, 2017 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «Өңірлік және муниципалдық менеджмент» мамандығы бойынша «Іскерлік әкімшілік шебері Master of business Administration» (MBA), «Бизнес және басқару» бағыты бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Президентінің істері Басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарында бастады.

2012 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде, кейіннен білім және ғылым Министрлігінің жастар ісі жөніндегі Комитетінде әртүрлі лауазымдарда, ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болып жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы, Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы болды.

2018 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде  еңбек етті.

2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы бөлімінде жұмыс істеді.

2019 жылғы қараша айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылдың 17 қыркүйектен бастап осы күнге дейін Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Үйленген, үш баласы бар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях