Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар ауданымыздағы мектептерде қалай меңгерілуде?

Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар ауданымыздағы мектептерде  қалай меңгерілуде?

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен еліміздегі білім ордалары мен ошақтарында бірнеше тың өзгерістер орын алды. Олардың қатарына бірінші сыныптардың тек қазақ тілін меңгеретіндігі, домбыра үйірмелерінің ашылғандығы, жаңа заманауи пәндердің қосылу және т.б. өзгерістер жатады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аталған жаңашылдықтар ауданымыздағы білім ордаларында қалай меңгеріліп жатқандығын білу мақсатында біз Қаскелең қаласында орналасқан А. Байжанов атындағы орта мектептің директоры Әйгерім Теміржанқызымен сұхбаттастық.

Директордың айтуынша, бүгінде ауданымыздың білім ордаларында оның ішінде А. Байжанов мектебінде көптеген өзгерістер орын алған. Ең жақсы жаңашылдықтың бірі – ол мектеп табалдырығын алғаш рет аттап тұрған оқушылардың бірінші сыныпта тек қазақ тілінде білім алуы. Өйткені, енді ғана әріптерді толыққанды үйрене бастаған балаларға оны бірден үш тілде меңгеру қиынға түсетін. Бұған қоса, бірінші сыныптағыларға «Көркем еңбек» пәнінің қосылуы. Бұрынғы «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» пәндерін қосатын бұл сабақта негізгі басымдық білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға берілген.

Сонымен қатар оқу бағдарламасына «Цифрлық даму», «Жаһандық құзіреттілік» сияқты жаңа пәндер енгізілді. Аталмыш пәндер көбінесе балаларды этика, медиасауаттылық, экологиялық мәдениет, патриоттық сезім және де цифрлық гигиена мен ақпараттық қауіпсіздікті үйретуге бағытталған. Оған қоса білім ордасында музыка пәнінің шеңберінде оқушылар өз қалауымен домбыра үйрене алады. Бұл ең бірінші кезекте өскелең ұрпақ арасында ұлттық нақыштарды насихаттау мақсатында жасалған.

Аталған жаңашылдықтардан бөлек бүгінде мектептерде балаларды білімге қызықтыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндіктер берілген. Яғни, «ой – ойыннан басталады» демекші ұстаздар сабақтарды кітап оқыту форматында ғана емес, сондай-ақ, олардың ойын жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі ойын түрлерімен өткізеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях