Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралап, бақылауға алды

Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралап, бақылауға алды

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев жұмыс сапары барысында бірқатар жөндеу жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, олардағы хал-ахуалды байқап, бағамдап қайтты. Құрылыстың  қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасады, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымның тілішісі.

Алдымен Жандарбек Ермекұлы Шамалған ауылындағы  бұрынғы әкімдік ғимаратының қайта қалпына келтіру жұмысы барысымен танысты. Оны жөндеуге 132,141 млн. теңге қаржы бөлініп, 30 қарашада толықтай аяқтау жоспарланған. Ал, құрылысты жүргізуге «Бауыр Құрылыс Компаниясы» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жауапты болып бекітілген. Келесі нысан – Бекболат ауылындағы орта мектеп. Мұнда  сейсмикалық күшейтуін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айында басталған бұл білім ошағын жөндеуге мердігер мекеме ретінде «Бауыр Құрылыс Компаниясы» ЖШС-і бекітіліп, олар ретке келтіруді 20 тамыз күні аяқтап, тапсыратындықтарын айтты. 30 жылға жуық жөндеу жүргізілмеген аудан орталығындағы В. Белинский мектебінің ғимараты да биыл  қайта жаңғырмақ.  Жұмыс сапары барысында аудан әкімі бұл білім мекемесіне де арнайы барды. Мердігер мекеме «Авторемстрой ЛТД» ЖШС-і мектептің күрделі жөндеуіне жауапты болып, 30 маусым күні жұмысын бастаған. Мұнда жаңа спорт залы, балалар алаңшасы және футбол алаңдары болады. Сонымен қатар, жоспар бойынша бұл ғимараттың шатыры жаңалануы тиіс. Мердігерлер мұндағы ретке келтіру жұмыстарын қараша айына дейін тас-түйін тындырамыз деп отыр. Салаға жауаптылар мектептердің сапалы әрі уақытында тапсырылуын бақылап отыруға уәде етті.

Ал, Қаскелең қаласы әкімдігінің  ғимараты заманауи талаптарға сай ыңғайланып, жабдықталатын болады. Нақтырақ айтқанда, «Open Space» – ашық кеңістік үлгісіндегі жаңа қабылдау бөлмелері бірінші қабатта орналасқан әрі қабырғасы әйнектен жасалады. Яғни, бұл формат арқылы жергілікті тұрғындар әкім және оның қызметкерлерімен ашық түрде тығыз байланыста бола алады. Бұл деген ашықтық пен жариялылыққа ұмтылған әкімдіктің алдағы жоспарларының тағы бірі – халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын оңтайландыруға жол ашады. Қазіргі уақытта қос нысанның  жұмыстары  50% -ға орындалған.

Аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях