Аудан әкімі қарасайлық ұстаздарды құттықтады ​

Аудан әкімі қарасайлық ұстаздарды құттықтады  ​

Аудан әкімі Жандарбек Далабаев ұстаздар күні қарсаңында бірқатар мереке иелеріне өз атынан Құрмет грамотасын табыстады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Еліміз бойынша санитарлық-эпидемиялогиялық жағдай әлі тұрақталмауына байланысты аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы әкімдіктің кіші мәжіліс залында бірқатар қарасайлық мұғалімдерді ғана құттықтап, барлық ұстаздардың ұрпақ тәрбиесі үшін атқарып жатқан еңбегі зор екенін жеткізді.

Сонымен қатар, қазіргі пандемия кезінде оларға артылған жауапкершіліктің одан ары арта түскенін айтып, ауданның білім саласы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ауданның ұстаздар қауымына өз атынан ерекше алғысын білдірді.

Расымен де, сын-сағатта мұғалімдердің біліктілігі мен тәжірибесі сыналатынан ескерген аудан әкімі мұның бәрі уақытша екенін түсіндіріп, бұл кезеңді де береке-бірлікпен еңсеріп шығатынын айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях