«Атамекенде» өткен өнегесі мол игі шара

«Атамекенде» өткен өнегесі мол игі шара

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Презинденті күніне орай бүгін Шамалған ауылдық округінде орналасқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжановтың жүргізуімен өткен кездесуге Елбасының сыныптасы Күләш Амирова, округ әкімі Ержас Тоқтасынов пен ауданның белсенді жастары қатысты.
Жиында алғашқы сөз кезегі Жанболат Әкебайұлына беріліп, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің тәуелсіз және құқықтық мемлекет ретінде дамуына қосқан үлесі жайлы, сондай-ақ, Елбасының әлі күнге дейін елі үшін жасап келе жатқан еңбегі жайлы айтып өтті. Одан кейін Күләш Сыбанқұлқызы жастарға үлгі ретінде Елбасының осы уақытқа дейін халқы үшін жасаған істері мен оның жеткен жетістіктерін айтып, жастарды ұлтты сүюге, көпті білуге ұмтылуға шақырып, үлкендік ақыл-кеңесін жеткізді. Жиын барысында Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова да баяндама оқып, еліміздің дамуы үшін Тұңғыш Президентіміздің алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында ауданымызда атқарылған және де бүгінде жүзеге асып жатқан істер туралы егжей-тегжей түсіндірді. Сонымен қатар, басқосу барысында аталмыш округтің бірқатар ардақты азаматтары да мерейлі мереке жайында ой-пікірлерін білдірді, одан бөлек, Елбасыға арналған эсселер де оқылды.
Берері мол тағылымды шара соңы Тұңғыш Презиндентіміздің өмірі мен еңбек жолын таныстыру мақсатында арнайы ұйымдастырылған экскурсиямен аяқталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях