Атамбаевты ұстау кезіндегі видео пайда болды

Атамбаевты ұстау кезіндегі видео пайда болды

Әлеуметтік желіде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау кезінде түскен видеосы пайда болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бейнежазба Қырғызстандағы танымал @koroche_kg деп аталатын парақшада жарияланды.

Айта кетейік, ол Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс аясында ұсталған болатын. Онымен бірге жақтастары болып табылатын бұрынғы күзетшілері Дамир Мұсакеев пен Қанат Сағынбаевтар да құрықталды.

Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасы ҚК бірнеше баптары бойынша айыпталып отыр. 2019 жылы 7-8 тамыздағы Қой-Таштағы оқиғалар мен Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуы бойынша сот процестері жүріп жатыр. Еске салайық, Атамбаевты 6 қазанға қараған түні наразылық білдірушілер тобы ҰҚК тергеу изоляторынан шығарып алған. Босатылғаннан кейін ол митингіге шыққандардың алдында сөз сөйлеп, оған билік керек емес екенін мәлімдеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях