Уханьның барлық тұрғыны коронавирусқа тест тапсырады

Уханьның барлық тұрғыны коронавирусқа тест тапсырады

Коронавирустың ошағына айналған Қытайдың Ухань қаласының жедел штабы қалада коронавирустың жаңа жағдайлары анықталғандықтан он күн ішінде барлық тұрғынды тексеруден өткізуді тапсырды, деп  хабарлайды karasayinfo.kz со ссылкой на «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап .

Уханьда 9 мамыр күні 4 сәуірден бері алғаш рет коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайы, сондай-ақ 16 симптомсыз тасымалдаушы анықталды. Олардың барлығы жергілікті тұрғын болып шықты.

Айта кетсек, Уханьда 26 сәуірде коронавирус инфекциясы бар соңғы науқас ауруханадан шығарылған еді. Уханьда бүкіл қала тұрғынынан вирустық нуклеин қышқылын анықтау туралы шешім қабылдандған. Тестілеу 10 күн ішінде аяқталуы керек. Эпидемия кезінде Уханьда 50 399 коронавирус жағдайы анықталып, 3869 адам қайтыс болған. Қазіргі уақытта қаланың тұрақты тұрғындары шамамен 11 млн адамды құрайды.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях