Атқарылған жүйелі жұмыстар саяси кеңес отырысында талқыланды

Атқарылған жүйелі жұмыстар саяси кеңес отырысында талқыланды

Бүгін аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының  саяси кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Жиынды ашып, жүргізген аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат  саяси күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Атап айтқанда, мәселенің біріншісі – Қазақстан Республикасы Президентігіне кандидат  ретінде ұсынылған    Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық қоғамдық штабының атқарған жұмысы туралы болса, келесісінде –  Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты ұсыныстарын талқыға салды.

Сондай-ақ, осы басқосуға арнайы қатысқан І. Жансүгіров атындағы «Жетісу» мемлекеттік университетінің ректоры, «Nur Otan» партиясының облыстық саяси кеңес мүшесі Қуат Баймұрзаев  сөйлеп, саяси жүйеде Елбасы қалыптастрған халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі сияқты демократиялық құндылықтар барша қазақстандықтардың ортақ рухани жетістігіне айналғанын, оны сақтай білудің маңыздылығын атап, өз пікірін білдірді. Әрі қарай аудандық штаб мүшелері Ақылия Бекбаева, Баян Мұхамедиярова, Ұлтуған Бархинова, Аида Ақшалова өңірдегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізгендері  туралы баяндап берді.

Отырыстың соңында  қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының алға қойған тұғырнамасындағы міндеттердің жүзеге асырылуына ат салысатындықтарын айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях