«Асыл армандағы» автобустар үшін жаңа жол белгілері орнатылды

«Асыл армандағы» автобустар үшін жаңа жол белгілері орнатылды

«Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі автобустар үшін жаңа жол белгілері орнатылды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгінгі таңда аталмыш тұрғын үй кешеннен тікелей Алматы қаласына бірнеше қоғамдық көлік қатынайтыны белгілі. Соңғы аялдамасы осы жерде болғандықтан, автобустардың мұнда тұрақтауына жеңіл және жүк көліктері кедергі келтіруде. Осыған байланысты жол қозғалыс ережелері сақталу үшін бүгін арнайы жол белгілері орнатылды. Бұл жайында осы салаға жауапты Қарасай аудандық әкімдіктің өкілі Жанат Шакиров түсінік берді.

– «Асыл арман» тұрғын үй кешенінен №14, №16, №100 бағытта жүретін қоғамдық көліктер қатынайды. Бүгінгі таңда аталған маршруттардың кедергісіз тоқтауына жеңіл және жүк автокөліктер кедергі жасауда. Осыған орай «3.35 – тұруға тыйым салынады, 5.12 – автобус аялдамасы» сияқты жол белгілері орнатылды, – деп түсіндірді Ж.Шакиров.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях