Қарасайлық әнші Димаш Құдайбергенге арнап ән салды (Видео)

Қарасайлық әнші Димаш Құдайбергенге арнап ән салды (Видео)

Қаскелеңдік Қуаныш Тұржанның орындауындағы «Дүр әлемнің Димашы» атты әннің тұсауы «Таңшолпан» бағдарламасында кесілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Туындының шығу тарихы жайлы аталған бағдарламаға арнайы қонақ ретінде шақырылған, әннің авторы, белгілі композитор Болат Әшірбаев өзі түсіндіріп, көрермен қауымға жеткізіп берді. Оның айтуынша, Ерден атты досының үйінде Димашқа арналған дәл осы өлең жолдарын байқап, бірден ән шығару ойына келіпті.

Белгілі болғандай оның авторы, танымал ақын, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі Қуат Қайранбаев екен. Композитор Болат ағамыз бірден сол жерде Қуат Әбілұлына хабарласып, осы туындыға ән жазататынын айтып, рұқсатын алған. Сазгердің айтуынша, бұл композицияның алғашқы орындаушысы – ән айту шеберлігі Димаш Құдайбергенге ұқсайтын  Қаскелең мәдениет колледжінде қызмет ететін, әріптесі Қуаныш Тұржан.

Міне, осылайша жетісулық авторлардың үштігі  ел мақтанышы Димаш Құдайбергенге сый жасап, құрмет көрсетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях