Алматыда жаңа режим енгізілді

Алматыда жаңа режим енгізілді

Бүгіннен бастап қала ішіндегі негізгі сауда мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқталатын болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтын сілтеме жасап.

Бұл жайында ақпаратты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

– Коронавирусқа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болды. Қауіпті жете түсінбеу – жауапсыздық және қылмыспен пара-пар. Өкініштісі сол, карантинге немқұрайлы қарап, шектеу шараларын сақтамай, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккен жандар азаймай тұр. Жұмысын жалғастырып жатқан спорт залдары мен мейрамханалар, санитарлық нормаларды сақтамаған азық-түлік дүкендері анықталды. Мамандардың сөзіне құлақ аспай, көшеде қыдырып жүрген тұрғындар да бар. Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады, – дейді қала әкімі өзінің жазбасында.

Алматы әкімінің айтуынша, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штабтың өкілдері қосымша шектеу шараларын қарастырып жатыр.

– Бүгіннен бастап қоғамдық көлік қозғалысының кестесін сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қысқартамыз. Сондай-ақ, штабтың шешімімен негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылды. Бұл шешім тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қоймайды, – дейді Б.Сағынтаев.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях