Қарасайлық мемлекеттік қызметшілер өнер додасына қатысты

Қарасайлық мемлекеттік қызметшілер өнер додасына қатысты

Елімізде жылда 23 маусымда аталып өтетін білімі мен білігін мемлекеттік қызметке арнап, ел дамуының ілгерілеуіне ықпал етуіне өздерінің үлестерін қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер күніне орай, бүгін аудандық Мәдениет үйінде «Ақынды аңсау» атты байқау ұйымдастырылды. Аталмыш сайыс еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Аудандық әкімдіктің Мемлекеттік қызмет істер агентігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастырған шара ұмытылмас өнеге қалдырған қос алыптың шығармашылығын насихаттауға бағытталған. Үш кезеңді байқауға ауданымызға қарасты тоғыз округ әкімдігінің бас және жетекші жас мамандары қатысып, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың дипломы үшін тартысқа түсті. Байқау барысын және де әрбір қатысушының өнерін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов, білім мен өнер саласына өзіндік үлесін қосып жүрген Шамалған округіндегі Мәдениет үйінің директоры Шарбану Қалиева, Жамбыл атындағы №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалі Сәбит Нұрқанов, Шамалған қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалі Халық Қайсардан құралған арнайы қазылар алқасы бағалап отырды.

Сайыстың бірінші бөлімінде қатысушылар қазақ тілінде өлең жолдары арқылы өздерін таныстырса, екінші кезеңде ережеге сай екі ақынның өлеңдерін көркемдеп оқып берді. Байқаудың соңғы шешуші үшінші айналымында жас мамандар өз өнерлерін ортаға салды. Оның барысында қатысушылардың бірі сахна төрінде Жамбыл жайлы театрландырылған көрініс көрсетсе, бірі қолына қазақтың қасиетті домбырасын алып, шеберлікпен күмбірлете күй тартты. Енді бірі қазақ және француз тілдерінде ән айтты. Осылайша қарасайлық жас қызметшілер өздерін тек білікті маман ретінде ғана емес, сондай-ақ, өнерге де жақын екендерін дәлелдеді.

Мағынасы зор әдеби-танымдық тартыстың нәтижесінде, бас жүлдені жеңіске деген зор құлшынысымен дайындалған  Райымбек округінің маманы Сақтаған Жарылқасын иеленді. Ал, жүлделі бірінші орынды Жібек жолы округінің маманы Жұлдызбек Абдилманов жеңіп алса, екінші орынды жандосовтық маман Альмира Құдагелдинова қанжығалады. Қазылар алқасын әдемі дауысымен баурап алған шамалғандық жас маман Әлия Бақытбек болса үшінші орынның тұғырынан көрінді.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях