Қарасайда Қонаевтың жүлдесі сарапқа салынды (Видео)

Қарасайда Қонаевтың жүлдесі сарапқа салынды (Видео)

Қарасай жерінде жыл сайын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған спорттық ойындар дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Игі шара биылдан қалыс қалмай, ауқымды шараға ұласты, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Райымбек ауылдық округіндегі «GULNAR BAQ» демалыс және спорт базасында аталмыш спорттық шара 18 тамыз күні құмдағы волейболдан басталып, бүгін ұлттық ат спорты түрлерінен болған турнирмен аяқталды. Алматы облысының ашық турниріне облысқа қарасты аудандардан және басқа да өңірлердің спортшылары қатысты. Бүгінгі өткен жарыстың ашылу салтанатына еліміздің түрлі саласында еңбек еткен, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан белгілі азаматтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Шара барысында құрметті қонақ ретінде ел Президенті Қ.Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының осы шараға арнаған құттықтау хатын оқып, жұртшылықты құттықтады. Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірхахым аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Димаш Ахматұлы жайлы ойын айтып, бүгінгі шабандоздарға сәттілік тіледі. Ал осы турнирдің қаншама жыл қатарынан ұйымдастырылуына ұйытқы болып жүрген генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев сахнадан барлық қонақтарға алғысын білдірді. Айта кетейік, волейбол жарысына биыл 32 команда қатысса, бәйгеге еліміздің барлық аймағынан сәйгүліктер сайысқа түсті. Бүгінгі ат спорты бойынша өткен турнирдің жарыс нәтижесі төмендегідей. Топ бәйге (15 шақырым) І. Роза аты — иесі Мерхат Бұлғынов (Алматы облысы, Талғар ауданы) ІІ. Бұлбұл аты — иесі Арыстан Күдебаев (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) ІІІ. Баян аты — иесі Әли Нұрмұхаметов (Жамбыл облысы, Қордай ауданы) Аламан бәйге (25 шақырым) І. Айсуат аты — иесі Бақытбек Мырзабаев (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) ІІ. Падиша аты — иесі Әлімтай Молдасеитов (Жамбыл облысы, Қордай ауданы) ІІІ. Саудия аты — иесі Наил Фахриев (Жамбыл облысы, Қордай ауданы) Жеңімпаздарға автокөлік кілті, ал жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табысталды. Спорттық шара аяқталған соң 2000 адамға ас берілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях