«Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді

«Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді

Біршама жылдар бойы ауданның әлеуеті үшін қызмет атқарған Абдраманова Әмина Мәдиқызына «Қарасай ауданның Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен бүгінгі жиын белсенді, іскер, талай жылдар бойы ауданның әлеуметтік-экономикалық саласына зор үлес қосқан, зейнет жасына дейін мемлекеттік қызметші ретінде бірнеше жауапты лауазымды қызмет атқарған Әмина Абдрамановаға арналды.

Шағын басқосуға төраға ретінде аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева және мәртебелі атақтың иесімен бірлесе жұмыс істеген әріптестері қатысты.

Жиын барысында Ә.Абдрамановаға Қарасай аудандық мәслихатының 2020 жылдың 3 наурыздағы 52-5 шешімімен «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Маңызы да ерекше атақтың иесін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан оның орынбасары Айжан Назарбаева өзі табыс етті.

Салтанатты түрде өтетін игі шара әлемді алаңдатқан пандемияға байланысты кейінге қалдырылды: оның сәті бүгінгі күнге түскенін айта кеткен жөн.

Абыройлы атақтың иесін біраз жылдар бойы бірлесе жұмыс атқарған, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы  Сағат Мәсімақынов, Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева сынды талай істе бірлесе еңбек еткен жандар құттықтап, сөз сөйледі.

Өз кезегінде Әмина Мәдиқызы да алғыс сөзін білдіріп, мұндай атақтың орны бөлек, қымбат екенін айта келе, қашанда ауданның абыройы үшін қол ұшын созуға дайын екендігін жеткізді.

Әмина Абдраманованың қызметтік жолынан қысқаша айта кетсек, ол жоғары оқу орнын аяқтаған соң, 1977 жылдан бастап еңбек еткен. Қаскелең ауданының райком комсомолының хатшысы мен аталған аудан әкімідігінде жалпы бөлімнің меңгерушісі, Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары, сондай-ақ, 2013 жылдан зейнектерлік жасқа дейін Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях