Қарасай ауданында – жаңа бас дәрігер

Қарасай ауданында – жаңа бас дәрігер

Қарасай аудандық орталық ауруханаға бас дәрігер тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ысқақтың 13.04.2020 жылғы №105-ж бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес, Малгаждаров Маулен Сансызбаевич шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына 2020 жылғы 13 сәуірден бастап тағайындалды.

Малгаждаров Маулен Сансызбайұлы 1966 жылы, 16 наурызда ШҚО, Жарма ауданы, Воронцовка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Үйленген.

1989 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» факультетін бітірген.

Маулен Сансызбайұлының атқарған қызметтері төмендегідей:

1990-1991 жж. – Семей қаласы облыстық онкологиялық диспансердің онкохирург дәрігері; 1989-1990 жж. – Семей қаласы облыстық клиникалық аурухананың хирург-дәрігері; 1991-2001 жж. – Семей мемлекеттік медициналық академиясының «онкология» кафедрасында оқытушы; 2001-2003 жж. – Алматы қаласы ҚР Шекара қызметінің орталық республикалық әскери госпитальде аға ординатор; 2003-2008 жж. – Алматы қаласы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальде хирургия бөлімшесінің меңгерушісі; 2008-2009 жж. – Алматы қаласы №7 МКҚК МҚК-ның қабылдау бөлімшесінде жауапты хирург; 2009-2010 жж. – Алматы қаласы, МКҚК емдеу-диагностика оратылығының емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары; 2010-2014 жж. – Алматы облысы ШЖҚ-дағы МКК Қарасай аудандық орталық ауруханасында емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары; 2014-2016 жж. – Алматы қаласы «ХАК» МО ЖШС-де стационар бас дәрігерінің орынбасары және 2016 жылдың қырқүйек айына дейін Алматы қаласы «ХАК» МО ЖШС-нің директоры.

Маулен Малгаждаров 2010 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Қазақсан-Ресей медициналық университетінің хирургия кафедрасында қызмет істеуде. Дәрігер М.Сансызбайұлы Денсаулық саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, хирургия саласы бойынша және денсаулық сақтау ұйымында жоғары санатты және сарапшы болып табылады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях