Өрт сөндіру бекеттері ашылды  

   Өрт сөндіру бекеттері ашылды   

    Ескелді ауданында жаңадан үш модульді өрт сөндіру бекеттері ашылды, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.
          Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде модульді өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі жұмыстары 2019 жылдан бастап «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы және «2019-2023 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспары» шеңберінде басталды. Бүгінгі таңда модульді өрт сөндіру бекеттері аудандық бөліністе ТЖ кезіндегі күштер мен құралдарды тарту жоспарларына енгізілген. Модульді өрт сөндіру бекеттерінде ЖАО қызметкерлері қатарынан тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады, олар негізінен арнайы даярлықтан өткен жергілікті тұрғындар.

Осы аптаның сейсенбі күні  Ескелді ауданының Жетісу, Қаратал және Ақын Сара ауылдарында үш модульді өрт сөндіру бекеті ашылды, олар шалғайдағы елді мекендерде өртті сөндіруді айқындайтын болады.
Бекеттердің ашылуы аудан мен тиісті ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлері және облыстық ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты түрде өткізілді. Бекет қызметкерлерімен өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігі және жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу ережелері бойынша нұсқаулықтар өткізілді.

2023 жылға Ескелді ауданында осыған ұқсас тағы 1 модульді бекет құру жоспарланған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях