Қарасай ауданына белгілі азамат Насариден Түсіпов өмірден өтті

Қарасай ауданына белгілі азамат Насариден Түсіпов өмірден өтті

Қарасай ауданына еңбегі сіңген, белгілі азамат Насариден Әбдірайымұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Насариден Әбдірайымұлы Түсіпов 1949 жылы 5 қарашада Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Мектепті 1967 жылы  Алматы облысы, Талғар қаласында бітірген соң, сол жылы Талғар механикаландыру және электрофикациялау ауылшаруашылық техникумына «мал шаруашылығын электрлендіру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1971 жылы аяқтаған. 1986 жылы Алматыдағы ауылшаруашылық институтына түсіп, «инженер-механик» мамандығын меңгерген.

1972 жылдан 1996 жылға дейін Іле ауданындағы «Комсомол» совхозында электрик, инженер-электрик, инженер-механик, бас инженер,  директордың орынбасары қызмет атқарған.

1996-1998 жылдары Талғар ауданы, «Кербұлақ» совхозында директор,  1998 жылы Алматы облысы, Талдықорған ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 1999-2009 жылдары Қарасай ауданында әкімнің бірінші орынбасары қызметтерін атқарады. 2009-2011 жылдары Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімін басқарды. Одан кейін облыс әкімінің кеңесшісі және «Басаи Агро» ЖШС-ның директоры болып қызмет істеді.

Насариден Әбдірайымұлы – «Құрмет» орденінің, «10 жыл Астана» медалінің және басқа да мемлекеттік марапаттардың иегері. Қарасай ауданына еңбегі сіңген, ауданның өркендеуіне үлес қосқан беделді азаматтардың бірі еді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях