Қарағанды облысында мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз қайтыс болды

Қарағанды облысында мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз қайтыс болды

Түркістан облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаз Қарағанды облысында менингиттің жедел түрінен қайтыс болды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сілтеме жасап.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан сарбаз 6505 әскери бөлімінде қызмет еткен. 2 ақпанда таңертең ол әлсіздік пен дімкәстікке шағымдана бастаған және санитарлық нұсқаушының қарауынан кейін Абай қаласының Орталық қалалық ауруханасына жатқызылды. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, қатардағы қызметкер реанимация бөліміне ауыстырылды. Сағат 11.00-де дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты.

«Сот-медициналық сараптамаға сәйкес әскери қызметшінің өліміне жедел менингит себеп болған. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Орталық» өңірлік қолбасшылығының басшылығы мен жеке құрамы қатардағы жауынгер Жақып Рамазан Мейрамбекұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғырып, туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», — деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері қатардағы сарбаз қызмет еткен бөлімшеде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, карантин енгізілгенін айтты. Байланыста болған барлық адам Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығында менингококтың бар-жоғына тексеруден өтті.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях