«Aqyldy bala» оқу орталығының жаңа бөлімшесі ашылды

«Aqyldy bala» оқу орталығының жаңа бөлімшесі ашылды

Бүгін Іргелі округіне қарасты Көксай ауылында орналасқан «Aqyldy bala» оқу орталығы «ARTSPORT – бала болашағының іргетасы» атты облыстық форум ұйымдастырып, тегін үйірмелердің маңыздылығы туралы тақырып қозғады. Сонымен қатар оның аясында орталықтың қосалқы төртінші бөлімшесі болатын жаңа ғимараттың ашылу салтанатын да өткізді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

«ArtSport» бағдарламасымен жұмыс жасайтын немесе өзге бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер, мамандар, өнер, білім орталықтарының басшылары, бірқатар құрметті ұстаздар қатысқан шарада аталмыш жобанын балаларға беретін пайдасы жайлы айтылды. Сондай-ақ осы бағытта алдағы уақытта да қарқын жұмыс жүргізілу керектігі сөз болды.

Форумға келген қонақтар мекеме директоры Мөлдір Пермебекқызымен бірге оған тиесілі барлық бөлімшелерді аралап, «ArtSport» бағдарламасы аясында ашылған тегін үйірмелердің жұмысымен жақынырақ танысты. Сонымен қатар балалардың бисер, ағаш, тоқыма жіп, қағаз сияқты әртүрлі материалдардан жасаған заттарымен, қылқалам туындыларынан тұрған көрмені тамашалап, осындай үйірмелер арқылы олардың қандай жетістіктерге жеткендігін өз көздерімен көре алды.

Айта кетейік, кәсіпкер Нұрғали Тленовтың бастамасымен 2015 жылы ашылған аталмыш орталықта бүгінде «ArtSport» бағдарламасы аясында 47 тегін үйірме жұмыс жасап тұр. Спортқа қызығатын балалар үшін таэквондо, күрес, дзюдо сияқты, өнерге жақындарға ән, би, аспаптарда ойнауды үйрету, қолөнершілерге тоқыма, тігін, бисермен, бояумен сурет салуды үйрететін сыныптар бар. Орталықта балалар үшін спорт залдар, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген сыныптар, асхана, кітапхана, демалыс орындары қарастырылған. Мекеменің барлық жеріне бейнебақылау камералары орнатылған.

Жалпы айтқанда балалалардың ыңғайлығы үшін барлық жағдай жасалған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях