Алматыдағы ұшақ апатынан тірі қалғандардың қазіргі жағдайы мәлім болды

Алматыдағы ұшақ апатынан тірі қалғандардың қазіргі жағдайы мәлім болды

Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали Алматы маңында апатқа ұшыраған АН-26 әскери ұшағының ауруханаға жатқызылған зардап шегуші екі экипаж мүшесінің жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отырғандығын мәлімдеді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Біз олардың өмірі үшін күресудеміз. Қазір олар 4-ші қалалық клиникалық ауруханада, жағдайы ауыр деп бағаланады. Біздің дәрігерлер алғашқы күндерден бастап қажетті көмек көрсетіп жатыр. Енді, Құдайдан олардың шынымен сауығып, қатарымызға оралуын сұраймыз. Олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланады, – дейді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

1987 жылғы экипаж мүшесі ауруханаға сол жақ жамбас сүйегінің ашық сынуы, бас миының жабық жарақатымен түсті. Ал, 1996 жылғы зардап шегуші ашық краниоцеребральды зақымдану, саусақтарының сынуы, дененің 2 және 3 дәрежелі күйігі бойынша ауруханаға жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда, нақтырақ айтқанда, наурыз айының 13-і күні Алматыда ҰҚК ұшағы апатқа ұшырап, борттағы алты адамның төртеуі қайтыс болып, екеуі ауруханаға түскен еді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях