Алматыдағы «Сергек» камералары 1 қаңтарда іске қосылады

Алматыдағы «Сергек» камералары 1 қаңтарда іске қосылады

Алматы қаласы бойынша «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап Алматы қаласында орнатылған 400 жаңа камера жол ережесін бақылайтын болады.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл камералар жол жүру ережесін бұзғандарды анықтайды. Әсіресе жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілері талаптарын орындамау, аялдама ережелері немесе тоқтау ережесін бұзу, сонымен қатар, қоғамдық көлік жолағына шығып кету сияқты ереже бұзылған жағдайларды тіркейді.

Өз кезегінде полиция өкілдері жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях