2020 жылдан бастап…

2020 жылдан бастап…

Жаңа жылдың аясында зейнетақыда, күнкөріс мөлшерінің деңгейінде және айлық есептік көрсеткіште (АЕК) аздаған өзгерістер болады. 2019 жылы ең төменгі зейнетақы 36 108 теңге болса, 2020 жылы 38 636 теңгеге жетеді. Тағы бір айта кетерлігі, осы жылдан бастап қазақстандықтардың зейнетақысы инфляция деңгейіне қарай көтеріледі.

  • ең төменгі күнкөріс деңгейі –  31 183 теңге;
  • ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге.

2020 жылы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылады. Елімізде енді емделушілерді қабылдау мен ем-домын жүргізу жаңаша түрде болады. Мемлекет өз тарапынан МӘМС аясында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар медициналық сақтандыру қорына жарна аударуға міндеттеледі:

  • жұмыс берушілер үшін – жалақы қорының 2%-і;
  • жұмысшылар үшін – еңбекақының 1%-і;
  • жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ЕТЖ-нің (ең төменгі жалақы) 5%-і;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтіндер – табысының 1%-і;

өздігінен төлеушілер – 1 ЕТЖ-нің (ең төменгі жалақы) 5%-і.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях