АЛМАТЫДА ДЕНИС ТЕНГЕ МЕМОРИАЛ АШЫЛАДЫ

АЛМАТЫДА ДЕНИС ТЕНГЕ МЕМОРИАЛ АШЫЛАДЫ

Мезгілсіз мерт болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнап ескерткіш қойылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы Дениске арналған мемориалдың ашылу рәсімі 13 маусым күні сағат 11:00-де Алматы қаласында өтеді. Ал, Денис Теннің ескерткіші пышақ жарақатын алып қаза болған Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылатын болады.

Жалпы, мемориалдың ашылу салтанаты арнайы 13 маусымға белгіленіп отыр. Өйткені, мұз айданының шебері Денис дәл осы күні туған күні, тірі болғанда 26 жасқа толар еді.

Денис Тен атындағы қор өкілдерінің айтуынша, бұл мемориал еліміздің атын әлемде таныту үшін бар күш-жігерін жұмсаған спортшыға деген халықтың үлкен құрметінің белгісі болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, қазақтың мақтанышы, даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде өмірден озған еді. Құқық қорғаушылардың анықтауынша, спортшы өз машинасының айнасын шешіп жатқан ұрыларға қарсы ұмтылып, пышақ жарақатын алған. Соның салдарынан көп қан жоғалтып, өмір мен өлім арасында арпалысқан Денис Тен ауруханада көз жұмды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях